Қазақстан Республикасының Су кодексінің 39-бабының 2), 2-1) тармақшаларына және 116-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) бекітілген Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларының 5-тармағына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Шымкент қаласы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Шымкент қаласы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі мен ерекше жағдайлары белгіленсін.
2. "Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оның ресми жариялаынғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | Г. Сыздыкбеков |
Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы "1" сәуірдегі № 1313 қаулысына 1 қосымша |
Шымкент қаласы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
№ | Cу объектілерінің атауы | Су қорғау аймағы мен белдеулерінің ұзындығы, шақырым | Су қорғау аймағының ені, метр | Су қорғау белдеуінің ені, метр |
1 | Қошқар-ата өзені | 15,0 | 500 |
Оң жағалау: |
2 | Қарасу өзені | 8,0 | 500 | 35 |
3 | Бадам өзені | 15,0 |
Оң жағалау |
Оң жағалау: |
Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы "1" сәуірдегі № 1313 қаулысына 2 қосымша |
Шымкент қаласының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі мен ерекше жағдайлары
Су қорғау аймағы – cудың ластануын, қоқысталуы мен сарқылуын болдырмау үшін арнайы шаруашылық қызмет режимі белгіленетін су объектiлерiне іргелес аумақ.
Су қорғау белдеуі - шектеулі шаруашылық қызмет режимі белгіленген, су қорғау аймағы шегінде су объектiлерiне іргелес, ені отыз бес метрден кем емес аумақ.
1. Су қорғау белдеулерінің шегінде:
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық пен өзге де қызметке;
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыс жайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыс жайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылыс жайларды салмай, ғимараттар мен құрылыс жайларды салуға және пайдалануға;
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.
2. Су қорғау аймақтарының шегінде:
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға тиым салынады.
Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.