Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Абай облысы әкімдігінің "Абай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы" 2023 жылғы 1 маусымдағы № 104 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 89-18 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай облысы әкімі | |
Н. Уранхаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрлігі Абай облысы бойынша
экология департаментінің басшысы м.а.
____________________ А. Алдабергенов
2024 жылғы "_____" _____________
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
комитетінің Абай облысы бойынша
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
департаментінің басшысының м.а.
____________________ А. Токтабаева
2024 жылғы "_____" _____________
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл
бассейндік инспекциясы басшысының м.а.
____________________ М. Керимжанов
2024 жылғы "_____" _____________
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекцияның басшысы
____________________ М. Жәдігер ұлы
2024 жылғы "_____" _____________
Абай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 21 маусымдағы № 115 қаулысына қосымша Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы "1" маусымдағы № 104 қаулысына қосымша |