Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 1 маусымдағы № 104 "Абай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қатені түзеу

Абай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 21 маусымдағы № 115 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 шілдеде № 304-18 болып тіркелді

      Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Абай облысы әкімдігінің "Абай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы" 2023 жылғы 1 маусымдағы № 104 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 89-18 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы әкімі
      Н. Уранхаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрлігі Абай облысы бойынша
экология департаментінің басшысы м.а.
____________________ А. Алдабергенов
2024 жылғы "_____" _____________
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
комитетінің Абай облысы бойынша
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
департаментінің басшысының м.а.
____________________ А. Токтабаева
2024 жылғы "_____" _____________
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл
бассейндік инспекциясы басшысының м.а.
____________________ М. Керимжанов
2024 жылғы "_____" _____________
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекцияның басшысы
____________________ М. Жәдігер ұлы
2024 жылғы "_____" _____________

  Абай облысы әкімдігінің
2024 жылғы 21 маусымдағы
№ 115 қаулысына
қосымша
Абай облысы әкімдігінің
2023 жылғы "1" маусымдағы
№ 104 қаулысына
қосымша

Абай облысының су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм және спортқа арналған орындар

№ Р/с

Су объектінің/су шаруашылығы құрылысының атауы

Жүзудің белгіленген шекараларындағы халықтың жаппай демалатын орындары

Орналасқан жері

Бесқарағай ауданы

1.

"Шошқалы" көлі

Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай, жүзу аймағының қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген шекараларында

Қарабас ауылдық округі

Бородулиха ауданы

2.

Шүлбі су қоймасы

"Жанай" демалыс базасы
"Нұрсұлтан" демалыс базасы

Жерновка ауылдық округі,
аудан орталығы Бородулиха ауылынан 65 км қашықтықта орналасқан

3.

Жерновские көлдері
 

"Адал компани" демалыс базасы
 

Жерновка ауылдық округі,
аудан орталығы Бородулиха ауылынан 35 км таспалы реликті бордың тереңдігінде орналасқан

4.

Михайловские көлдері

 
"Кристалл" балалардың сауықтыру лагері
 

Подборный ауылдық округі,
Семей қаласынан 40 км қашықтықта орналасқан.
"Семей Орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында

5.

Большое көлі

Көпшіліктің демалуы үшін
пайдаланылатын жағажай

Бородулиха ауылы

Жарма ауданы

5.

Арасан көлі

"Жарма Арасан" сауықтыру орталығы

Қалбатау ауылдық округі,
Қалбатау ауылынан 12 км солтүстік-шығысқа қарай

Үржар ауданы

6.

Алакөл көлі

Көпшіліктің демалуы үшін пайдаланылатын жағажай, жүзу аймағының қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген шекараларында

Қабанбай ауылдық округі

Семей қаласы

7.

Ертіс өзені

"Заря" коммуналдық жағажайы, жүзу аймағының қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген шекараларында

Понтон көпірінің сол жағалауы,
Мелькомбинат ауданы

8.

Ертіс өзені

"Пристань" коммуналдық жағажайы, жүзу аймағының қоршауымен (қалқымалар, арқандар) белгіленген шекараларында

Пристань ауданы

Курчатов қаласы

9.

Ертіс өзені

№ 1 қалалық жағажай

Маяк қонақ үйі ауданында

10.

Ертіс өзені

№ 2 қалалық жағажай

№ 2 ЖОББМ, № 1 ЖОББМ ауданында

11.

Ертіс өзені

№ 3 қалалық жағажай

Саяжай алабы ауданында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады