Абай облысының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай облысы мәслихатының "Абай облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 12/79-VII шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31613 болып тіркелген) келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы мынадай мазмұндағы 13 тармақпен толықтырылсын:
13. Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай облысы мәслихатының төрағасы | |
К. Сулейменов |