Абай облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Жаңартылған

Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 12/79-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 6 қаңтарда № 31613 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-9 тармағына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1 бабының 2 тармағына, 68 бабына сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесі осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы мәслихатының хатшысы К. Сулейменов

  Абай облысы мәслихатының
2022 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 12/79-VII 1 қосымша

Тұрғын үй сертификатының мөлшері

      1. Әлеуметтік көмек түрі ретінде қарыз сомасынан 10 %, алайда 1 600 000 (бір миллион алты жүз мың) теңгеден артық емес.

      2. Әлеуметтік қолдау түрі ретінде қарыз сомасынан 10 %, алайда 1 600 000 (бір миллион алты жүз мың) теңгеден артық емес.

  Абай облысы мәслихатының
2022 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 12/79-VII 2 қосымша

Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі

      Ескерту. 2 қосымшаға өзгерістер енгізілді - Абай облысы мәслихатының 11.09.2024 № 18/124-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

№    

Атауы

1

Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

2

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар

3

Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар

4

Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар

5

Ұлы Отан соғысының ардагерлері

6

Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер

7

Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер

8

Қандастар

9

Экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар

10

Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары

11

Толық емес отбасылар

12

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар

13

Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады