Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Семей қаласы мәслихатының "Семей қаласы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" 2020 жылғы 17 шілдедегі № 54/394-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7450 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 4 - қосымшасы осы шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Семей қаласы мәслихатының төрағасы | |
Д. Шакаримов |
Абай облысы Семей қаласының мәслихаты 2024 жылғы 16 ақпандағы № 21/119-VIII шешіміне 4 - қосымша |
Пикет өткізуге тыйым салынған Семей қаласындағы іргелес аумақтардың шекаралары
1. Семей қаласының келесі объектілерінің іргелес аумақтарынан кемінде 800 метр қашықтықта пикет өткізу шекаралары айқындалсын:
1) жаппай жерлеу орындары;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінің;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар;
4) қауіпті өндірістік объектілер және пайдаланылуы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілер;
5) магистральдық теміржол желілері, магистральдық құбыржолдар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері.