ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Семей қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары;
осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес арнайы орындарды пайдалану тәртібі;
осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Семей қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.
2. Осы шешімнің 5-қосымшасына сәйкес Семей қаласы мәслихаты шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы | Т. Баймуринов |
Қалалық мәслихаттың хатшысы м.а. | Ж. Молдағалиева |
Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 17 шілдедегі № 54/394-VI шешіміне № 1-қосымша |
Семей қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары
р/с № | Арнайы орын | Шекті толу нормасы |
1. | Спартак" стадионының алаңы – Гагарин к., 168 | 700 адамнан артық емес |
2. | "Бейбітшілік" аралындағы "Қазан ағашы" саябағының алаңы | 400 адамнан артық емес |
3. | "Бейбітшілік" аралы жасанды футбол алаңынан бастап "Қазан ағашы" саябағының бұрылысына дейін | 400 адамнан артық емес |
Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 17 шілдедегі № 54/394-VI шешіміне № 2-қосымша |
Семей қаласында арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1. Ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілдері бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде дыбыс-бейне жазу техникасын, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауға арналған техниканы пайдалануға құқылы.
2. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.
Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 17 шілдедегі № 54/394- VI шешіміне № 3-қосымша |
Семей қаласында арнайы орындарды пайдалану тәртібі
Бейбіт жиналыстар пикеттеуді қоспағанда, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін осы шешіммен айқындалған арнайы жерлерде өткізіледі.
Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден ерте бастауға және сағат 20.00-ден кеш аяқтауға болмайды.
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан да көп пикет өткізуге жол берілмейді.
Пикеттеу ұзақтығы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне 2 сағаттан аспауға тиіс.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 17 және 18-баптарында көзделген жағдайларда жергілікті атқарушы орган өкілінің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша бейбіт жиналыстарға қатысушыларға осындай талапты орындау қажеттігі туралы ақпарат бере отырып, бейбіт жиналыстарды тоқтата тұрады немесе тоқтатады.
Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 17 шілдедегі № 54/394-VI шешіміне № 4-қосымша |
Семей қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 16.02.2024 № 21/119-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Семей қаласының келесі объектілерінің іргелес аумақтарынан кемінде 800 метр қашықтықта пикет өткізу шекаралары айқындалсын:
1) жаппай жерлеу орындары;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінің;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар;
4) қауіпті өндірістік объектілер және пайдаланылуы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілер;
5) магистральдық теміржол желілері, магистральдық құбыржолдар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері.
Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 17 шілдедегі № 54/394- VI шешіміне № 5-қосымша |
Семей қаласы мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізімі
1. Семей қаласы мәслихатының 2016 жылғы 25 ақпандағы № 50/276-V "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрацияларды өткізу ережесін қосымша регламенттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4447 болып тіркелген, "Семей таңы" және "Вести Семей" № 27 (18578) газеттерінде 2016 жылғы 5 сәуірде жарияланған) шешім.;
2. Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 мамырдағы № 38/263-VI "Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу тәртiбiнің қосымша ережелері туралы" Семей қаласы мәслихатының 2016 жылғы 25 ақпандағы № 50/276-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5982 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 7 маусымда жарияланған) шешім.;
3. Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 46/306-VI "Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу тәртiбiнің қосымша ережелері туралы" Семей қаласы мәслихатының 2016 жылғы 25 ақпандағы № 50/276-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6423 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 30 желтоқсанда жарияланған) шешім.