Қазақстан Республикасы "Жарнама туралы" Заңының 17-2 бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 - бабына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Семей қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Семей қаласы әкімінің орынбасары А. А. Хамзаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Семей қаласы әкімінің м. а. | |
Ж. Мукатаев |
Семей қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 858 Қаулыға қосымша |
Семей қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі
1) Мәдениет, спорттық ғимараттар мен құрылыстар аумағында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін пайдаланылатын конструкциялар;
2) Семей қаласының аумағындағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктегі ақпараттық панельдер;
3) Семей қаласының аумағындағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктегі сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері.