Семей қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесін бекіту туралы

Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 858 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 17 қыркүйекте № 334-18 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Жарнама туралы" Заңының 17-2 бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 - бабына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Семей қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Семей қаласы әкімінің орынбасары А. А. Хамзаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Семей қаласы әкімінің м. а.
      Ж. Мукатаев

  Семей қаласы әкімдігінің
2024 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 858 Қаулыға
қосымша

Семей қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі

      1) Мәдениет, спорттық ғимараттар мен құрылыстар аумағында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін пайдаланылатын конструкциялар;

      2) Семей қаласының аумағындағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктегі ақпараттық панельдер;

      3) Семей қаласының аумағындағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктегі сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері.

Об утверждении перечня специально отведенных мест для размещения афиш культурных, спортивных и спортивно-массовых мероприятий в городе Семей

Постановление акимата города Семей области Абай от 16 сентября 2024 года № 858. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Абай 17 сентября 2024 года № 334-18

      В соответствии с подпунктом 1-1) пункта 1 статьи 17-2 Закона Республики Казахстан "О рекламе", статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат города Семей ПОСТАНОВЛЯЕТ:         

      1. Утвердить прилагаемый перечень специально отведенных мест для размещения афиш культурных, спортивных и спортивно-массовых мероприятий в городе Семей.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Семей Хамзаева А. А.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      И. о. акима города Семей
      Ж. Мукатаев

  Приложение к постановлению
Акимата города Семей
от 16 сентября 2024 года
№ 858

Перечень специально отведенных мест для размещения афиш культурных, спортивных и спортивно-массовых мероприятий в городе Семей

      1) Конструкции, используемые для размещения афиш культурных, спортивных и спортивно-массовых мероприятий на территории культурных, спортивных зданий и сооружений;

      2) Информационные панели в открытом пространстве за пределами помещений на территории города Семей;

      3) Объекты наружной (визуальной) рекламы на открытом пространстве за пределами помещений на территории города Семей.