Ақсуат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақсуат ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 25 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-18 болып тіркелген) мынандай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Ақсуат ауданы әкімінің орынбасары А.Аққазинге жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақсуат ауданы әкімінің міндетін атқарушы | |
К. Мауадинов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Ақсуат аудандық
мәcлихаты" мемлекеттік мекемесі
Ақсуат ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 3 маусымдағы № 304 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:
1. Үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
2. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
3. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын әлеуметтік қызметкер;
4. Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
5. Психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
6. Еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы;
7. Ассистент;
8. Оңалту орталығының директоры;
9. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
10. Мейіргер;
11. Диеталық мейіргер;
12. Тәрбиеші;
13. Психолог;
14. Логопед;
15. Емдік дене шынықтыру жөніндегі маман;
16. Музыкалық жетекші;
17. Мәдени ұйымдастырушы;
18. Барлық мамандықтағы мұғалімдер;
19. Барлық мамандықтағы дәрігерлер;
20. Бас есепші;
21. Есепші.
2. Мәдениет cаласы мамандарының лауазымдары:
1. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы (директоры);
2. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысының (директорының) орынбасары;
3. Әдіскер;
4. Барлық атаудағы әдістемеші;
5. Менеджер;
6. Әртіс;
7. Мәдени ұйымдастырушы;
8. Хореограф;
9. Аккомпаниатор;
10. Дирижер;
11. Режиссер;
12. Барлық атаудағы суретшілер;
13. Концертмейстр;
14. Режисердің көмекшісі;
15. Ұжым (үйірме) басшысы;
16. Музыкалық жетекші;
17. Кітапхана меңгерушісі;
18. Кітапханашы;
19. Библиограф;
20. Дыбыс операторы.
21. Бас есепші;
22. Есепші.