Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Ақсуат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі аталған қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.Аққазинге жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақсуат ауданының әкімі | |
А. Смаилов |
Ақсуат ауданы әкімінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 25 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Абай облысы Ақсуат ауданы әкімдігінің 03.06.2024 № 304 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:
1. Үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
2. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
3. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын әлеуметтік қызметкер;
4. Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
5. Психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
6. Еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы;
7. Ассистент;
8. Оңалту орталығының директоры;
9. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
10. Мейіргер;
11. Диеталық мейіргер;
12. Тәрбиеші;
13. Психолог;
14. Логопед;
15. Емдік дене шынықтыру жөніндегі маман;
16. Музыкалық жетекші;
17. Мәдени ұйымдастырушы;
18. Барлық мамандықтағы мұғалімдер;
19. Барлық мамандықтағы дәрігерлер;
20. Бас есепші;
21. Есепші.
2. Мәдениет cаласы мамандарының лауазымдары:
1. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы (директоры);
2. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысының (директорының) орынбасары;
3. Әдіскер;
4. Барлық атаудағы әдістемеші;
5. Менеджер;
6. Әртіс;
7. Мәдени ұйымдастырушы;
8. Хореограф;
9. Аккомпаниатор;
10. Дирижер;
11. Режиссер;
12. Барлық атаудағы суретшілер;
13. Концертмейстр;
14. Режисердің көмекшісі;
15. Ұжым (үйірме) басшысы;
16. Музыкалық жетекші;
17. Кітапхана меңгерушісі;
18. Кітапханашы;
19. Библиограф;
20. Дыбыс операторы.
21. Бас есепші;
22. Есепші.