Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 2-тармағына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Аягөз ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" Аягөз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21/429-VIІ шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аягөз аудандық мәслихат төрағасы | |
А. Ибрайшин |