Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бородулиха аудандық мәслихатының "Бородулиха ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы" 2023 жылғы 6 қазандағы № 8-10-VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 138-18 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында 3-бөлімнің 5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 2024 жылы 12 (он екі) айлық есептік көрсеткіш, 2025 жылы 13 (он үш) айлық есептік көрсеткіш, 2026 жылы 14 (он төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бородулиха аудандық мәслихат төрағасы | |
С. Урашева |