"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 1-тармағына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жарма аудандық мәслихатының "Жарма ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 15 маусымдағы № 22/201-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-10-145 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
2. Жарма аудандық мәслихатының "Жарма аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 маусымдағы № 22/201-VI "Жарма ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2021 жылғы 11 қарашадағы № 9/116-VIІ шешімі күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | |
М. Оспанбаев |