Жарма аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 13/244-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 сәуірде № 275-18 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 1-тармағына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жарма аудандық мәслихатының "Жарма ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 15 маусымдағы № 22/201-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-10-145 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

      2. Жарма аудандық мәслихатының "Жарма аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 маусымдағы № 22/201-VI "Жарма ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2021 жылғы 11 қарашадағы № 9/116-VIІ шешімі күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы
      М. Оспанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады