Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 123 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3079 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесінде:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары (басшының экономикалық, қаржылық және әкімшілік-шаруашылық мәселелері бойынша орынбасарынан басқа), мансап орталығының, стационарлық, жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның, уақытша болу ұйымының және үйде қызмет көрсету ұйымының директоры (басшысы);";
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) мансап орталығының сектор басшысы;";
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) мансап орталығының бөлім басшысы;";
2-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"13) мансап орталығының құрылымдық бөлімшесінің маманы;";
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
"13-1) мансап орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесшісі;";
мынадай мазмұндағы 13-2) тармақшамен толықтырылсын:
"13-2) иппотерапия жөніндегі нұсқаушы;".
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының әкімі | Е. Карашукеев |
"Келісілді"
Жамбыл облыстық мәслихаты