Тараз қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 22 қарашадағы № 22-2 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 28 қарашада № 5246-08 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тараз қаласы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесін салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға дейін төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Тараз қалалық мәслихатының төрағасы К. Олжабай

О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима розничного налога в городе Тараз

Решение Таразского городского маслихата Жамбылской области от 22 ноября 2024 года № 22-2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 28 ноября 2024 года № 5246-08

      В соответствии с пунктом 5 статьи 696-3 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)" Таразский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Понизить ставку корпоративного или индивидуального подоходного налога за исключением налогов, удерживаемых у источника выплаты, при применении специального налогового режима розничного налога в городе Тараз с 4 (четырех) процентов на 2 (двух) процентов по доходам, полученным (подлежащим получению) за налоговый период.

      2. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2025 года и подлежит официальному опубликованию.

      Председатель Таразского городского маслихата К. Олжабай