Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 14-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5136 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
7 – тармақ 3) тармақшасы екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"адамның иммундық тапшылығы вирусынан туындаған диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне және ересектерге, ай сайын 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде";
7 – тармақ 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"4) санаторий - курорттық емделуден өткен жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып (санаторий – курорттық емдеу мекемесінен шот-фактура, фискалды түбіртек ұсынған жағдайда), жылына бір рет 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде";
7 – тармақ 5) тармақшасы үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші үш ай ішінде Үлгілік қағидалардың 12-тармағында көзделген құжаттар тізбесіне қосымша газ құбырын орнату және жүргізуге байланысты болған шығыстарын растайтын акт және/немесе құжат (чектердің, түбіртектердің көшірмелері, қызметтерді көрсетуге арналған шарт) және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығының болмауы (болуы) туралы анықтама қоса беріледі".
2. Осы шешім алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Байзақ аудандық мәслихат төрағасы | Б. Акбаев |