"Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы №14-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 23-2 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 30 сәуірде № 5199-08 болып тіркелді

      Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 14-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5136 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      7 – тармақ 3) тармақшасы екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "адамның иммундық тапшылығы вирусынан туындаған диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне және ересектерге, ай сайын 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде";

      7 – тармақ 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4) санаторий - курорттық емделуден өткен жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып (санаторий – курорттық емдеу мекемесінен шот-фактура, фискалды түбіртек ұсынған жағдайда), жылына бір рет 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде";

      7 – тармақ 5) тармақшасы үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші үш ай ішінде Үлгілік қағидалардың 12-тармағында көзделген құжаттар тізбесіне қосымша газ құбырын орнату және жүргізуге байланысты болған шығыстарын растайтын акт және/немесе құжат (чектердің, түбіртектердің көшірмелері, қызметтерді көрсетуге арналған шарт) және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығының болмауы (болуы) туралы анықтама қоса беріледі".

      2. Осы шешім алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байзақ аудандық мәслихат төрағасы Б. Акбаев

О внесении изменений в решение Байзакского районного маслихата от 15 декабря 2023 года №14-3 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Байзакскому району"

Решение Байзакского районного маслихата Жамбылской области от 23 апреля 2024 года № 23-2. Зарегистрированы Департаментом юстиции Жамбылской области 30 апреля 2024 года № 5199-08

      Байзакский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Байзакского районного маслихата от 15 декабря 2023 года № 14-3 "Об утверждении Правила оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Байзакскому району" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5136) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, по Байзакскому району утвержденных указанным решением:

      второй абзац подпункты 3) пункта 7 - изложить в новой редакции:

      "родителям или иным законным представителям инфицированных детей и взрослым, вызванных вирусом иммунодефицита человека, состоящих на диспансерном учете, ежемесячно в размере 30 (тридцати) месячных расчетных показателей";

      второй абзац пункта 7 - изложить в новой редакции:

      "4) пенсионерам по возрасту, ветеранам Великой Отечественной войны, ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, ветеранам боевых действий на территории других государств прошедшим санаторно-курортное лечение с учетом среднедушевого дохода, не превышающего порога трехкратного размера прожиточного минимума (при предъявлении счет-фактуры, фискального чека), единовременно в размере 45 (сорока пяти) месячных расчетных показателей";

      Третий абзац подпункты 5) пункта 7 - изложить в новой редакции:

      "Для получения социальной помощи заявитель в течение трех месяцев дополнительно к перечню документов, предусмотренных пунктом 12 Типовых правил, прилагает акт и/или документ, подтверждающий состоявшиеся расходы лица, связанные с подведением и установкой газового оборудования (копии чеков, квитанции, договор на оказание услуг) и справку об отсутствии (наличии) зарегистрированных прав на недвижимое имущество".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Байзакского районного маслихата Б. Акбаев