Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жуалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 12-5 "Жуалы ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5131 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жуалы ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;".
2-тармақтың 9) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"9) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін Жамбыл облысы Жуалы ауданының ауыл, ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;".
5-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацындағы "(бір миллион)" деген сөздер "(бір миллион бес жүз мың)" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
6-тармақтың 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"4) Қазақстан Республикасының шегінде санаторийлік-курорттық емделуден өткен мүгедектігі жоқ адамдарға құжаттарды тапсырған кезде әлеуметтік көмек көрсетіледі:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген тұлғаларға, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне табыстарын есепке алмай, жылына бір рет, қырық бес (45) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің үш еселенген мөлшерінен аспайтын жасы бойынша зейнеткерлерге жылына бір рет қырық бес (45) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емделуден өткен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның жанына ілесіп жүретін адамға, отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің үш еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, жылына бір рет кепілдік берілген соманың 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде.
Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға жүгінеді және Үлгілік қағидалардың 12-тармағында көзделген құжаттар тізбесіне қосымша, санаторийлік-курорттық емделгенін растайтын құжаттар (шот-фактура, фискалды түбіртек) қоса беріледі.
Санаторлық-курорттық емделуден өткен азаматтардың жол жүру шығыстарын төлеу жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Біржолғы әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі, жағдай туындаған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей жасалады.".
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жуалы аудандық мәслихатының төрағасы | З. Бурлибаев |