"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Мойынқұм аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мойынқұм аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Мойынқұм ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Мойынқұм аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 қарашадағы №29-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2383 болып тіркелген) шешімі;
2) "Мойынқұм аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 қарашадағы №29-4 "Мойынқұм ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Мойынқұм аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Мойынқұм аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі №2-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5009 болып тіркелген) шешімі.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мойынқұм аудандық | |
мәслихатының төрағасы | Н. Саурыков |