Сарысу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 14-4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
6 тармақтың № 14-4 келесі редакцияда жазылсын:
"1) мұқтаж азаматтарға (отбасыларға) ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып, бір рет 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде мынадай негіздер бойынша:
жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;
жасының егде тартуына байланысты, бұрынғы ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарысу аудандық мәслихат төрағасы | Ш. Мусабеков |