"Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 14-4 шешiмiне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 19-5 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 8 сәуірде № 5194-08 болып тіркелді

      Сарысу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 14-4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      6 тармақтың № 14-4 келесі редакцияда жазылсын:

      "1) мұқтаж азаматтарға (отбасыларға) ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып, бір рет 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде мынадай негіздер бойынша:

      жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;

      жасының егде тартуына байланысты, бұрынғы ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарысу аудандық мәслихат төрағасы Ш. Мусабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады