Талас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Талас ауданында жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттерді өткізуге арналған арнайы орындарды белгілеу және оларды пайдалану тәртібі туралы" Талас аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 74-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4648 болып тіркелген) шешiмiне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің № 3 қосымшасындағы "150" деген саны "800" деген санымен ауыстырылсын.
2. "Талас аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Талас аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талас аудандық мәслихатының төрағасы | К. Садубаев |