"Талас ауданында жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттерді өткізуге арналған арнайы орындарды белгілеу және оларды пайдалану тәртібі туралы" Талас аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы №74-2 шешiмiне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 19-5 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 2 сәуірде № 5186-08 болып тіркелді

      Талас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Талас ауданында жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттерді өткізуге арналған арнайы орындарды белгілеу және оларды пайдалану тәртібі туралы" Талас аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 74-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4648 болып тіркелген) шешiмiне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің № 3 қосымшасындағы "150" деген саны "800" деген санымен ауыстырылсын.

      2. "Талас аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Талас аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талас аудандық мәслихатының төрағасы К. Садубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады