Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 576-бабына сәйкес Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ұлытау облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері көтерілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы | Б. Шингисов |
Ұлытау облыстық мәслихатының 2024 жылғы 1 тамыздағы № 17/152 шешіміне қосымша |
Ұлытау облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері
1. Стационарлық көздерден ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | 1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Күкірт оксидтері (SOx) | 14 | |
2. | Азот оксидтері (NOx) | 14 | |
3. | Шаң және күл | 7 | |
4. | Қорғасын және оның қосылыстары | 2790,2 | |
5. | Күкіртсутек | 86,8 | |
6. | Фенолдар | 232,4 | |
7. | Көмірсутектер | 0,224 | |
8. | Формальдегид | 232,4 | |
9. | Көміртегі монооксиді | 0,224 | |
10. | Метан | 0,014 | |
11. | Күйе | 16,8 | |
12. | Темір тотықтары | 21 | |
13. | Аммиак | 16,8 | |
14. | Алты валентті хром | 558,6 | |
15. | Мыс тотықтары | 418,6 | |
16. | Бенз(а)пирен | 697,62 |
2. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Отын түрлері | Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Этилденбеген бензин үшін | 0,462 |
2. | Дизель отыны үшін | 0,63 |
3. | Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін | 0,336 |
3. Ластаушы заттардың төгінділері үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Нитриттар | 938 |
2. | Мырыш | 1876 |
3. | Мыс | 18762,8 |
4. | Оттегіне биологиялық қажеттілік | 5,6 |
5. | Тұзды аммоний | 47,6 |
6. | Мұнай өнімдері | 375,2 |
7. | Нитраттар | 1,4 |
8. | Жалпы темір | 187,6 |
9. | Сульфаттар (анион) | 0,56 |
10. | Өлшенген заттар | 1,4 |
11. | Синтетикалық беткі-белсенді заттар | 37,8 |
12. | Хлоридтер (анион) | 0,14 |
13. | Алюминий | 37,8 |
4. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын көмгені үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Қалдықтардың түрлері | Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | |
1 тонна үшін | 1 гигабеккерель үшін (Гбк) | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда көмгені үшін: | ||
1.1. | Осы кестенің 1.2-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілетін қалдықтар: | ||
1.1.1. | қауіпті қалдықтар | 5,607 | |
1.1.2. | қауіпсіз қалдықтар | 0,742 | |
1.2. | Төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілмейтін қалдықтардың жекелеген түрлері: | ||
1.2.1. | Коммуналдық қалдықтар (қатты тұрмыстық қалдықтар, кәріздік тазарту құрылыстарының тұнбасы) | 0,266 | |
1.2.2. | Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа): | ||
1.2.2.1 | аршынды жыныстар | 0,0028 | |
1.2.2.2 | жанасқан таужыныстары | 0,0182 | |
1.2.2.3 | байыту қалдықтары | 0,014 | |
1.2.2.4 | шлактар, шламдар | 0,0266 | |
1.2.3. | Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар | 0,0266 | |
1.2.4. | Күл мен күлшлактар | 0,462 | |
1.2.5. | Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы | 0,0014 | |
1.2.6 | Радиоактивті қалдықтар: | ||
1.2.6.1. | трансуранды | 0,532 | |
1.2.6.2. | альфа-радиоактивті | 0,266 | |
1.2.6.3. | бета-радиоактивті | 0,028 | |
1.2.6.4. | шынақты радиоактивті көздер | 0,266 |
5. Көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде түзілетін күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру үшін төлемақы мөлшерлемелері бір тонна үшін 5,278 АЕК құрайды.
Аббревиатураны ажыратып алу:
АЕК – айлық есептік көрсеткіш.