Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Ұлытау облысы әкімдігінің "Ұлытау облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" 2023 жылғы 9 ақпандағы № 08/01 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-20 болып тіркелген);
2) Ұлытау облысы әкімдігінің "Ұлытау облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Ұлытау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 9 ақпандағы № 08/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2024 жылғы 5 ақпандағы № 07/01 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 90-20 болып тіркелген).
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлытау облысының әкімі | Д. Рыспеков |