Жезқазған қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Ұлытау облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 6 наурыздағы № 16/94 шешімі. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 13 наурызда № 111-20 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жезқазған қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері, хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулік үшін болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы Р. Капарова

Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев по городу Жезказган

Решение Жезказганского городского маслихата области Ұлытау от 6 марта 2024 года № 16/94. Зарегистрировано в Департаменте юстиции области Ұлытау 13 марта 2024 года № 111-20

      В соответствии с пунктом 2-10 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 14 июля 2023 года № 181 "Об утверждении Правил уплаты туристского взноса для иностранцев"" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33110), Жезказганский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить ставки туристского взноса для иностранцев по городу Жезказган за каждые сутки пребывания в местах размещения туристов, за исключением хостелов, гостевых домов, арендного жилья, в размере 0 (ноль) процентов от стоимости пребывания.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Жезказганского городского маслихата Р. Капарова