Сәтбаев қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 шілдедегі № 566 "Сәтбаев қаласының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2024 жылғы 8 ақпандағы № 96 шешімі. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 16 ақпанда № 97-20 болып тіркелді

      Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сәтбаев қалалық мәслихатының "Сәтбаев қаласының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы" 2020 жылғы 24 шілдедегі № 566 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5979 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Сәтбаев қаласының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы";

      2) көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.";

      3) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары";

      4) көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      5) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы мынадай редакциядағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.

      Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға тыйым салынады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы К. Балмагамбетов

  Сәтбаев қалалық мәслихатының
2024 жылғы 8 ақпандағы
№ 96 шешіміне қосымша
  Сәтбаев қалалық мәслихатының
2020 жылғы 24 шілдедегі
№ 566 шешіміне
2-қосымша

Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Сәтбаев қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары 800 метр қашықтықта:

      1) жаппай жерлеу орындарынан;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінен және оларға іргелес жатқан аумақтарынан;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарынан;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарынан;

      5) магистральдық теміржол желілерінен, магистральдық құбыржолдарынан, ұлттық электр желісінен, магистральдық байланыс желілерінен және оларға іргелес жатқан аумақтарынан айқындалады.

О внесении изменений и дополнения в решение Сатпаевского городского маслихата от 24 июля 2020 года № 566 "О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний и границах, прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования на территории города Сатпаев"

Решение Сатпаевского городского маслихата области Ұлытау от 8 февраля 2024 года № 96. Зарегистрировано в Департаменте юстиции области Ұлытау 16 февраля 2024 года № 97-20

      Сатпаевский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Сатпаевского городского маслихата "О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний и границах, прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования на территории города Сатпаев" от 24 июля 2020 года № 566 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5979) следующие изменения и дополнение:

      1) заголовок указанного решения изложить в новой редакции:

      "Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования, на территории города Сатпаев";

      2) пункт 1 указанного решения изложить в новой редакции:

      "Определить специализированные места для организации и проведения мирных собраний, порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний согласно приложению 1 к настоящему решению.";

      3) заголовок приложения 1 указанного решения изложить в новой редакции:

      "Специализированные места для организации и проведения мирных собраний, порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний";

      4) приложение 2 указанного решения изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению;

      5) приложение 1 указанного решения дополнить пунктом 3 в следующей редакции:

      "Материально-техническое и организационное обеспечение проведения мирных собраний осуществляется их организатором и участниками за счет собственных средств, а также за счет средств и имущества, собранных и (или) переданных для проведения данных мирных собраний.

      Запрещается установление юрт, палаток, иных сооружений в специализированных местах для организации и проведения мирных собраний без согласия местного исполнительного органа.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Сатпаевского городского маслихата К. Балмагамбетов

  Приложение к решению
Сатпаевского городского маслихата
от 8 февраля 2024 года
№ 96
  Приложение 2 к решению
Сатпаевского городского маслихата
от 24 июля 2020 года
№ 566

Границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования

      Границы прилегающих территорий в городе Сатпаев, в которых запрещено проведение пикетирования, определяются на расстоянии 800 метров от:

      1) мест массовых захоронений;

      2) объектов железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта и прилегающих к ним территорий;

      3) территорий, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) территорий, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) магистральных железнодорожных сетей, магистральных трубопроводов, национальной электрической сети, магистральных линий связи и прилегающих к ним территорий.