Сәтбаев қаласының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 шілдедегі № 566 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 шілдеде № 5979 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 08.02.2024 № 96 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 08.02.2024 № 96 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е. Токимбаев
      Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы Т. Хмилярчук

  Сәтбаев қалалық
мәслихатының
2020 жылғы 24 шілдесі
№ 566
шешіміне 1-қосымша

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары

      Ескерту. 1- қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 08.02.2024 № 96 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Сәтбаев қаласында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар мен олардың шекті толу нормалары төмендегідей айқындалсын:

      1) Гурба көшесіндегі "Даңқ алаңы". Шекті толу нормасы – 600 адам;

      2) Ерден көшесі мен Тәуелсіздік даңғылы қиылысындағы саябақ. Шекті толу нормасы – 600 адам.

      Ымырт жағдайында бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындар жарықпен қамтамасыз етілуге тиіс.

      Сәтбаев қаласында шерулер мен демонстрациялардың маршруттары:

      1) Сәтбаев даңғылы мен Жеңіс көшесі арқылы "Универсам" дүкенінен "Даңқ алаңына" дейін;

      2) Сәтбаев даңғылы, Байқоңыров және Гурба көшелері арқылы, "Универсам" дүкенінен "Шахтер даңқы" монументіне дейін.

      2. Ұйымдастырушы мен оның қатысушылары бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындарды мынадай тәртіппен пайдаланылады:

      1) хабарламада көрсетілген уақыт бойы жиналыс үшін арнайы орын аумағында болады;

      2) ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

      3) қауіпсіздік техникасының санитарлық нормалары мен ережелерін, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайды.

      Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.

      Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға тыйым салынады.

      Ескерту. 1-қосымша 3-тармақпен толықтырылды - Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 08.02.2024 № 96 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Сәтбаев қалалық мәслихатының
2020 жылғы 24 шілдедегі
№ 566 шешіміне
2-қосымша

Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 08.02.2024 № 96 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Сәтбаев қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары 800 метр қашықтықта:

      1) жаппай жерлеу орындарынан;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінен және оларға іргелес жатқан аумақтарынан;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарынан;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарынан;

      5) магистральдық теміржол желілерінен, магистральдық құбыржолдарынан, ұлттық электр желісінен, магистральдық байланыс желілерінен және оларға іргелес жатқан аумақтарынан айқындалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады