Сәтбаев қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 ақпандағы № 107 шешімі. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 6 наурызда № 106-20 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сәтбаев қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы К. Балмагамбетов

  Сәтбаев қалалық мәслихатының
2024 жылғы 28 ақпандағы
№ 107
шешіміне қосымша

Сәтбаев қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сәтбаев қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және Сәтбаев қаласынның әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:

      1) Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Сәтбаев қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      4) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;

      5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – "Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

      7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

      9) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді – Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 28.08.2024 № 143 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет, жылына 1 рет) көрсетіледі.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      5. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек келесі санаттағы азаматтарға ақшалай төлемдер түрінде бір рет көрсетіледі:

      1) 1-2 қаңтар – Жаңа жыл:

      жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, бірінші, екінші, үшінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – 20 000 (жиырма мың) теңге;

      2) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті шығарылған күні:

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге – 300 000 (үш жүз мың) теңге;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне – 300 000 (үш жүз мың) теңге;

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне – 300 000 (үш жүз мың) теңге;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлеріне – 300 000 (үш жүз мың) теңге;

      1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлеріне – 300 000 (үш жүз мың) теңге;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 50 000 (елу мың) теңге;

      3) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға – 20 000 (жиырма мың) теңге;

      бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға – 20 000 (жиырма мың) теңге.

      4) 7 мамыр – Отан қорғаушы күні:

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 300 000 (үш жүз мың) теңге;

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 300 000 (үш жүз мың) теңге;

      1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 300 000 (үш жүз мың) теңге;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға – 300 000 (үш жүз мың) теңге;

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға – 300 000 (үш жүз мың) теңге;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына – 300 000 ( үш жүз мың) теңге;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына – 50 000 (елу мың) теңге;

      сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына – 50 000 (елу мың) теңге.

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне – 300 000 (үш жүз мың) теңге;

      5) 9 мамыр – Жеңіс күні:

      Ұлы Отан соғысына қатысушыларына, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiне – 1 000 000 (бір миллион) теңге;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілеріне – 300 000 (үш жүз мың) теңге;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға – 100 000 (жүз мың) теңге;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға – 100 000 (жүз мың) теңге;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 100 000 (жүз мың) теңге;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн (қызметтік мiндеттерді) атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан қаза болған (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердің, партизандардың, астыртын әрекет етушiлердің, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңның 4-6 баптарында аталған адамдардың отбасыларына – 50 000 (елу мың) теңге;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе шабуылына қарсы қорғаныстың объектiлiк және авариялық командаларының өзiн-өзi қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасылары, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан жұмыскерлерінiң отбасыларына – 50 000 (елу мың) теңге;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 50 000 (елу мың) теңге.

      6) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні:

      саяси құғын-сүргін құрбандарына және саяси құғын-сүргіннен зардап шеккен тұлғаларға – 20 000 (жиырма мың) теңге.

      7) 1 қазан - Қарттар күні:

      70 жасқа толған және одан жоғары жастағы зейнеткерлерге – 20 000 (жиырма мың) теңге.

      8) Қазан айының екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күні:

      бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, бірінші, екінші, үшінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – 20 000 (жиырма мың) теңге.

      9) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні:

      Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіппен сәйкес ақталған тұлғаларға – 300 000 (үш жүз мың) теңге.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді – Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 28.08.2024 № 143 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың келесі жекелеген санаттарына бір рет және мезгіл-мезгіл көрсетіледі:

      1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шегу себеппен азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуіне – бір рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. Әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі – жағдай туындаған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей;

      2) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуіне байланысты адамға (отбасыға):

      амбулаториялық емдеу кезеңінде "туберкулез" әлеуметтік мәні бар ауруы бар адамдарға – жылына 1 рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      "қатерлі ісіктер" әлеуметтік мәні бар ауруы бар және диспансерлік есепте тұрған адамдарға – жылына 1 рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      иммунитет тапшылығы вирусы аурумен ауыратын және диспансерлік есепте тұрған адамдарға – жылына 1 рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      иммунитет тапшылығы вирусы аурумен жұқпаланған, диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне – ай сайын жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерде;

      3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде болған адамдарға – бір рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. Әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі – жағдай туындаған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей;

      4) мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды санаторий-курорттық емдеуге алып жүрген адамдарға санаторий-курорттық ұйымда болу құнына Үлгілік қағидалардың 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды және санаторий-курорттық емдеуді алу туралы растайтын құжаттарды (санаторий-курорттық ем алу туралы актісі, шот-фактура) қоса ұсына отырып өтініш негізінде – жылына 1 рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай кепілдік берілген соманың 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде;

      5) үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер алатын бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға және үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер алатын жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдарға – жылына бір рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай 12 (он екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      6) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға - жылына бір рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай 12 (он екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 28.08.2024 № 143 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Тұрғын үйді газдандыру бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге бір реттік әлеуметтік көмек оның меншік иелері не меншік иесінің бірге тұратын отбасы мүшелері болып табылатын жеке тұрғын үйлерде тұратын азаматтарға (отбасыларға), оларда және бірге тұратын отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үй болмаған және жан басына шаққандағы орташа кірісі 2 (екі) еселенген ең төмен күнкөріс деңгейінен аспаған жағдайда көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмектің мөлшері өтініш берушінің газ жабдығын жүргізуге және орнатуға байланысты нақты шығындарын негізге ала отырып айқындалады, бірақ 250 (екі жүз елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

      8. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      9. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.

      10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО белгілейді, содан кейін Мемлекеттік корпорацияға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 28.08.2024 № 143 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      11. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан жергілікті әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі органға Үлгілік қағидалардың 12-тармағына сәйкес өтініш береді.

      12. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Сәтбаев қаласының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      13. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      14. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.

      15. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Сатпаев

Решение Сатпаевского городского маслихата области Ұлытау от 28 февраля 2024 года № 107. Зарегистрировано в Департаменте юстиции области Ұлытау 6 марта 2024 года № 106-20.

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 523 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Сатпаевский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Сатпаев согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Сатпаевского городского маслихата К. Балмагамбетов

  Приложение к решению
Сатпаевского городского маслихата
от 28 февраля 2024 года
№ 107

Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Сатпаев

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Сатпаев (далее – Правила) разработаны в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 523 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (далее - Типовые правила) и определяют порядок оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Сатпаев.

      2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее –Государственная корпорация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;

      2) специальная комиссия – комиссия, создаваемая решением акима города Сатпаев по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан;

      3) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      4) социальная помощь – помощь, предоставляемая местным исполнительным органом (далее – МИО) в денежной или натуральной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее – получатели), а также к праздничным дням и памятным датам;

      5) уполномоченный орган по оказанию социальной помощи – государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ города Сатпаев";

      6) прожиточный минимум – минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины;

      7) среднедушевой доход – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      8) праздничные даты (далее – памятные даты) – профессиональные и иные праздники Республики Казахстан;

      9) предельный размер – утвержденный максимальный размер социальной помощи.

      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными решением Сатпаевского городского маслихата области Ұлытау от 28.08.2024 № 143 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Меры социальной поддержки, предусмотренные пунктом 4 статьи 71, пунктом 3 статьи 170, пунктом 3 статьи 229 Социального кодекса Республики Казахстан, подпунктом 2) пункта 1 статьи 10, подпунктом 2) пункта 1 статьи 11, подпунктом 2) пункта 1 статьи 12, подпунктом 2) статьи 13, статьей 17 Закона Республики Казахстан "О ветеранах" оказываются в порядке, определенном настоящими Правилами.

      4. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно, ежеквартально, 1 раз в полугодие, 1 раз в год).

Глава 2. Порядок определения перечня категорий получателей социальной помощи и установления размеров социальной помощи

      5. Социальная помощь к памятным датам и праздничным дням оказывается единовременно в виде денежных выплат следующим категориям граждан:

      1) 1-2 января – Новый год:

      детям с инвалидностью до семи лет, детям с инвалидностью с семи до восемнадцати лет первой, второй, третьей групп – 20 000 (двадцать тысяч) тенге;

      2) 15 февраля – День вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан:

      военнообязанным, призывавшимся на учебные сборы и направлявшимся в Афганистан в период ведения боевых действий – 300 000 (триста тысяч) тенге;

      военнослужащим автомобильных батальонов, направлявшимся в Афганистан для доставки грузов в эту страну в период ведения боевых действий – 300 000 (триста тысяч) тенге;

      военнослужащим летного состава, совершавшим вылеты на боевые задания в Афганистан с территории бывшего Союза Советских Социалистических Республик (далее – Союза ССР) – 300 000 (триста тысяч) тенге;

      рабочим и служащим, обслуживавшим советский воинский контингент в Афганистане, получившим ранения, контузии или увечья либо награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за участие в обеспечении боевых действий – 300 000 (триста тысяч) тенге;

      рабочим и служащим, направлявшимся на работу в Афганистан в период с 1 декабря 1979 года по декабрь 1989 года и другие страны, в которых велись боевые действия – 300 000 (триста тысяч) тенге;

      семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия – 50 000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      3) 8 марта – Международный женский день:

      многодетным матерям, награжденным подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или получившим ранее звание "Мать-героиня", награжденным орденами "Материнская слава" I и II степени – 20 000 (двадцать тысяч) тенге;

      многодетным семьям, имеющим четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей, в том числе детей, обучающихся по очной форме обучения по общеобразовательным или профессиональным программам в организациях общего среднего, технического и профессионального, послесреднего, высшего и (или) послевузовского образования, после достижения ими восемнадцатилетнего возраста до времени окончания организаций образования (но не более чем до достижения двадцатитрехлетнего возраста) – 20 000 (двадцать тысяч) тенге.

      4) 7 мая – День защитника Отечества:

      военнослужащим Республики Казахстан, выполнявшим задачи согласно межгосударственным договорам и соглашениям по усилению охраны границы Содружества Независимых Государств на таджикско-афганском участке в период с сентября 1992 года по февраль 2001 года – 300 000 (триста тысяч) тенге;

      военнослужащим Республики Казахстан, принимавшим участие в качестве миротворцев в международной миротворческой операции в Ираке в период с августа 2003 года по октябрь 2008 года – 300 000 (триста тысяч) тенге;

      военнослужащим, а также лицам начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, принимавшим участие в урегулировании межэтнического конфликта в Нагорном Карабахе в период с 1986 по 1991 годы – 300 000 (триста тысяч) тенге;

      лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшим непосредственно в ядерных испытаниях – 300 000 (триста тысяч) тенге;

      лицам из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1988 – 1989 годах, эвакуированным (самостоятельно выехавшим) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, включая детей, которые на день эвакуации находились во внутриутробном состоянии – 300 000 (триста тысяч) тенге;

      лицам, которым инвалидность установлена вследствие катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, ядерных испытаний, и их детям, инвалидность которых генетически связана с радиационным облучением одного из родителей – 300 000 (триста тысяч) тенге;

      семьям лиц, погибших при ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения – 50 000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      семьям умерших вследствие лучевой болезни или умерших лиц с инвалидностью, а также граждан, смерть которых в установленном порядке связана с воздействием катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения и ядерных испытаний – 50 000 (пятьдесят тысяч) тенге.

      военнослужащим, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, исполнении иных обязанностей воинской службы в другие периоды, или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, а также при прохождении воинской службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия – 300 000 (триста тысяч) тенге;

      5) 9 мая – День Победы:

      участникам Великой Отечественной войны, а именно военнослужащим, проходившим службу в воинских частях, штабах и учреждениях, входивших в состав действующей армии и флота в период Великой Отечественной войны, а также во время других боевых операций по защите бывшего Союза ССР, партизанам и подпольщикам Великой Отечественной войны – 1 000 000 (один миллион) тенге;

      лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а именно военнослужащим действующей армии и флота, партизанам и подпольщикам Великой Отечественной войны, а также рабочим и служащим, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны на фронте, в районе военных действий, на прифронтовых участках железных дорог, сооружениях оборонительных рубежей, военно-морских баз и аэродромов – 300 000 (триста тысяч) тенге;

      несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период Второй мировой войны – 100 000 (сто тысяч) тенге;

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – 100 000 (сто тысяч) тенге;

      лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – 100 000 (сто тысяч) тенге;

      семьям военнослужащих, партизан, подпольщиков, лиц, указанных в статьях 4-6 Закона Республики Казахстан "О ветеранах", погибших (пропавших без вести) или умерших в результате ранения, контузии или увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, исполнении иных обязанностей воинской службы (служебных обязанностей), или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте – 50 000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      семьям погибших в Великой Отечественной войне лиц из числа личного состава групп самозащиты объектовых и аварийных команд местной противовоздушной обороны, семьи погибших работников госпиталей и больниц города Ленинграда – 50 000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      супруге (супругу) умершего лица с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, или лица, приравненного по льготам к лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а также супруге (супругу) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся лицами с инвалидностью в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак – 50 000 (пятьдесят тысяч) тенге.

      6) 31 мая – День памяти жертв политических репрессий и голода:

      жертвам политических репрессий и лицам, пострадавшим от политических репрессий – 20 000 (двадцать тысяч) тенге.

      7) 1 октября – День пожилых людей:

      пенсионерам, достигшим возраста 70 лет и старше – 20 000 (двадцать тысяч) тенге.

      8) второе воскресенье октября – День лиц с инвалидностью Республики Казахстан:

      лицам с инвалидностью первой, второй, третьей групп, детям с инвалидностью до семи лет, детям с инвалидностью с семи до восемнадцати лет первой, второй, третьей групп – 20 000 (двадцать тысяч) тенге.

      9) 16 декабря – День Независимости:

      лицам, принимавшим участие в событиях 17-18 декабря 1986 года в Казахстане, реабилитированным в порядке, установленном Законом Республики Казахстан "О реабилитации жертв массовых политических репрессий" – 300 000 (триста тысяч) тенге.

      Сноска. Пункт 5 с изменениями, внесенными решением Сатпаевского городского маслихата области Ұлытау от 28.08.2024 № 143 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Социальная помощь следующим отдельным категориям нуждающихся граждан оказывается единовременно и периодически:

      1) гражданину (семье) по причине ущерба ему либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара – единовременно в размере 100 (сто) месячных расчетных показателей без учета среднедушевого дохода. Срок обращения за социальной помощью – не позднее трех месяцев с момента возникновения ситуации;

      2) лицу (семье) в связи с ограничением жизнедеятельности вследствие социально значимых заболеваний и заболеваний, представляющих опасность для окружающих:

      лицам с наличием социально значимого заболевания "туберкулез" в период амбулаторного лечения – 1 раз в год без учета среднедушевого дохода в размере 30 (тридцать) месячных расчетных показателей;

      лицам, с наличием социально значимого заболевания "злокачественные новообразования" и состоящим на диспансерном учете – 1 раз в год без учета среднедушевого дохода в размере 30 (тридцать) месячных расчетных показателей;

      лицам, страдающим заболеванием вирус иммунодефицита человека и состоящим на диспансерном учете – 1 раз в год без учета среднедушевого дохода в размере 30 (тридцать) месячных расчетных показателей;

      родителям или иным законным представителям инфицированных детей, инфицированных вирусом иммунодефицита человека, состоящим на диспансерном учете – ежемесячно без учета среднедушевого дохода в 2 (двух) кратном размере величины прожиточного минимума, установленного Законом Республики Казахстан "О республиканском бюджете" на соответствующий финансовый год;

      3) лицам, освободившимся из мест лишения свободы и находящимся на учете службы пробации – единовременно в размере 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей без учета среднедушевого дохода. Срок обращения за социальной помощью – не позднее шести месяцев с момента возникновения ситуации;

      4) лицам, сопровождающим лиц с инвалидностью первой группы на санаторно-курортное лечение, в соответствии с индивидуальной программой абилитации и реабилитации лица с инвалидностью, на оплату стоимости пребывания в санаторно-курортной организации на основании заявления с приложением документов, указанных в подпункте 1) пункта 12 Типовых правил, и подтверждающих документов о получении санаторно-курортного лечения (акт о получении санаторно-курортного лечения, счет-фактура) – 1 раз в год в размере 70 (семьдесят) процентов от гарантированной суммы без учета среднедушевого дохода;

      5) лицам с инвалидностью первой, второй групп, получающим специальные социальные услуги на дому, и лицам, неспособным к самообслуживанию в связи с преклонным возрастом, получающим специальные социальные услуги на дому – 1 раз в год в размере 12 (двенадцать) месячных расчетных показателей без учета среднедушевого дохода;

      6) детям сиротам и детям, оставшимся без попечения родителей – 1 раз в год в размере 12 (двенадцать) месячных расчетных показателей без учета среднедушевого дохода.

      Сноска. Пункт 6 – в редакции решения Сатпаевского городского маслихата области Ұлытау от 28.08.2024 № 143 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Единовременная социальная помощь на оплату услуг по газификации жилого дома оказывается гражданам (семьям), проживающим в частных жилых домах, являющимися его собственниками либо совместно проживающими членами семьи собственника, при отсутствии у них и совместно проживающих членов семьи другого жилья и наличии среднедушевого дохода, не превышающего 2 (двух) кратного размера прожиточного минимума.

      Размер социальной помощи определяется исходя из фактических затрат заявителя, связанных с проведением и установкой газового оборудования, но не более 250 (двести пятьдесят) месячных расчетных показателей.

      8. Размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяется специальной комиссией, которая указывает его в заключении о необходимости оказания социальной помощи.

Глава 3. Порядок оказания социальной помощи

      9. Порядок оказания социальной помощи определяется согласно Типовым правилам.

      10. Социальная помощь к праздничным дням и памятным датам оказывается без истребования заявлений от получателей.

      Категории получателей социальной помощи определяются МИО, после чего формируются их списки путем направления запроса в Государственную корпорацию либо иные организации.

      Сноска. Пункт 10 – в редакции решения Сатпаевского городского маслихата области Ұлытау от 28.08.2024 № 143 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. Для получения социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан заявитель от себя или от имени семьи в уполномоченный орган по оказанию социальной помощи представляет заявление согласно пункту 12 Типовых правил.

      12. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом города Сатпаев на текущий финансовый год.

      13. Социальная помощь прекращается в случаях:

      1) смерти получателя;

      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы соответствующей административно-территориальной единицы;

      3) направления получателя на проживание в государственные медико-социальные учреждения;

      4) выявления недостоверных сведений, представленных заявителем.

      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.

      14. Излишне выплаченные суммы социальной помощи подлежат возврату в добровольном порядке, неправомерно полученные суммы подлежат возврату в добровольном или в судебном порядке.

      15. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган по оказанию социальной помощи с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".