Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңаарқа ауданының әкімдігінің "Жаңаарқа ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 16 наурыздағы № 25/01 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6259 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | К. Кожукаев |