Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Орманда өрт қаупі жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың Жетісу облысында мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу және орманды пайдалану құқығын шектеу туралы" 2023 жылғы 09 маусымдағы №174 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 182801 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдік іс-шараларды жүргізу кезінде, сондай-ақ орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу және орман пайдалану құқығын шектеу туралы";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"Орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдік іс-шараларды жүргізу кезінде, сондай-ақ орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын және орман пайдалану құқығы шектелсін".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жетісу облысының әкімі | Б. Исабаев |