Орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдік іс-шараларды жүргізу кезінде, сондай-ақ орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу және орман пайдалану құқығын шектеу туралы

Жаңартылған

Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 174 қаулысы. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 13 маусымда № 42-19 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Жетісу облысы әкімдігінің 05.02.2024 № 42 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 15-бабының 11) тармақшасына, 63-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, "Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 18-02/942 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №96107 болып тіркелген) сәйкес, Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдік іс-шараларды жүргізу кезінде, сондай-ақ орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын және орман пайдалану құқығы шектелсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Жетісу облысы әкімдігінің 05.02.2024 № 42 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Жетісу облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Жетісу облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жетісу облысының әкімі Б. Исабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады