Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы әкімдігінің 19.11.2024 № 381 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №140838 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2024 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі бекітілсін.
2. "Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Жетісу облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Жетісу облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Жетісу облысының әкімі | Б. Исабаев |
Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы 11 наурыздағы № 75 Қаулысына қосымша |
2024 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі
№ | Облыс атауы | Бюджеттік қаражат көлемі, теңге |
1 | Жетісу облысы | 1 018 630 000 |
Барлығы | 1 018 630 000 |