Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 4-31 "Жетісу облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 183252 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Г. Тойлыбаева |
Жетісу облыстық мәслихаты 2024 жылғы 18 қарашадағы № 23-138 Шешіміне қосымша |
Жетісу облысының әлеуметтiк маңызы бар қатынастардың тізбесі
1. Текелі қаласы:
1) № 6 шеңбер – "Текелийский энергокомплекс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – Қонаев көшесі – "Жетісу облысының денешынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Текелі қаласының олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) № 3 шеңбер – "Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 3 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Текелі қаласы әкімінің қалалық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны – орталық базар;
3) № 1 автовокзал – "Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 2 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Клубный);
4) № 4 тіс емханасы – Қаратал көшесіндегі "Светлана" дүкені;
5) № 4а тіс емханасы – Күншығыс көшесіндегі "Светлана" дүкені;
6) № 7 шеңбер – "Текелі кенді қайта өңдеу кешені" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
2. Қаратал ауданы:
1) № 1 Бастөбе ауылы, Юн көшесі – Үштөбе қаласы, Нұрмұхамбетов көшесі;
2) № 2 Үштөбе қаласы, Мартынов көшесі – Үштөбе қаласы, Нұрмұхамбетов көшесі.
3. Талдықорған қаласы:
1) № 3 "Самал" шағын ауданы – "Қызыл тас" саяжайлары;
2) № 5 "Самал" шағын ауданы – "Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Талдықорған қаласындағы облыстық аурухана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – Облыстық аурухана) – Н. Семашко көшесі;
3) № 12 "Көктем" (7) шағын ауданы – Облыстық аурухана – Н. Семашко көшесі;
4) № 226 арбат – Мойнақ ауылы;
5) № 23 "Самал" шағын ауданы – "Үйтас" саяжайлары;
6) № 25 "Самал" шағын ауданы – Еркін ауылы;
7) № 14 "Шаған" базары – "Қаратал" саяжайлары;
8) № 31 "Қалалық әмбебап дүкені" сауда үйі – Ә. Әлімжанов көшесі;
9) № 228 арбат – Еңбек ауылы;
10) № 8 "Самал" шағын ауданы – "Шығыс" шағын ауданы, С. Шанышев көшесі;
11) № 33 "Самал" шағын ауданы – "Болашақ" (6), "Көктем" (7) шағын аудандары – "Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық перинаталдық орталық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
12) № 1, 1а "Самал" шағын ауданы – "Қызыл тас" саяжайлары;
13) № 10 "Самал" шағын ауданы – "Көктал" тұрғын ауданы;
14) № 2 "Қарағаш" базары – "Ащыбұлақ" саяжайлары;
15) № 4, 4а Өтенай ауылы – № 19 лицей;
16) № 7, 7а автовокзал – 1 бөлімше;
17) № 13 "Шығыс" шағын ауданы – 3 бөлімше;
18) № 18 "Қызыл тас" саяжайлары – Орман шаруашылығы;
19) № 20 "Самал" шағын ауданы – "Сарыбұлақ" саяжайлары (маусымдық);
20) № 227 арбат – 3 бөлімше;
21) № 24 "Самал" шағын ауданы – "Оптмаркет" сауда орталығы;
22) № 16 "Рахат" гастрономы – "Үйтас", "Көктем" саяжайлары;
23) № 17 "Қарағаш" базары – "Қайнар" зауыты;
24) № 862 Теректі ауылы (Ескелді ауданы) – Талдықорған қаласы (қала маңындағы маршрут);
25) № 863 Қайнарлы ауылы (Ескелді ауданы)– Талдықорған қаласы (қала маңындағы маршрут);
26) № 886 Биғаш ауылы (Ескелді ауданы)– Талдықорған қаласы (қала маңындағы маршрут);
27) № 865 Қарабұлақ ауылы (Ескелді ауданы) – Талдықорған қаласы (қала маңындағы маршрут).
4. Алакөл ауданы:
1) Қабанбай ауылы – Үшбұлақ ауылы;
2) Қабанбай ауылы – Лепсі ауылы;
3) Қабанбай ауылы – Жыланды ауылы – Шынжылы ауылы;
4) Үшарал қаласы – Ақши ауылы – Көктұма ауылы;
5) Үшарал қаласының қалаішілік машруты.
5. Ескелді ауданы:
1) № 1 Қарабұлақ ауылының ауылдық маршруты.
6. Кербұлақ ауданы:
1) № 1 "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Күреңбел қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстантеміржолы" Акционерлік қоғамының Сарыөзек теміржол вокзалы;
2) № 2 "Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сарыөзек орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Жигулевка) – "Кербұлақ ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі.