Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талдықорған қалалық мәслихатының "Талдықорған қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы" 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 14-84 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 191923 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы | Т. Ахажан |