Талдықорған қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 14-84 шешімі. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2024 жылы 3 қаңтарда № 117-19 болып тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 12 ақпандағы № 16-95 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 12.02.2024 № 16-95 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 "Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №184104 болып тіркелген), Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Талдықорған қаласы бойынша туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері 0,5 (нөл бүтін оннан бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.

      2. Талдықорған қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 2-11 "Талдықорған қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №180906 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы Т. Ахажан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады