Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талдықорған қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы "Талдықорған қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" № 400 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 144624 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-тармағындағы "150" саны "800" санына ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 2) және 4) тармақтарындағы "Алматы облысы" сөзі "Жетісу облысы" сөзіне ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы | Т. Ахажан |