Талдықорған қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы"Талдықорған қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" № 400 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 12 ақпандағы № 16-94 шешімі. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2024 жылы 14 ақпанда № 136-19 болып тіркелді

      Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Талдықорған қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы "Талдықорған қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" № 400 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 144624 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2-тармағындағы "150" саны "800" санына ауыстырылсын;

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 2) және 4) тармақтарындағы "Алматы облысы" сөзі "Жетісу облысы" сөзіне ауыстырылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы Т. Ахажан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады