Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес,Талдықорған қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Талдықорған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 05 қазандағы "Талдықорған қаласы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" № 43-688 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 107189 болып тіркелген);
2) Талдықорған қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 04 қаңтардағы "Талдықорған қаласы бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 109192 болып тіркелген).
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талдықорған қаласының әкімі | Е. Бәзіл |