Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сарқан ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 ақпандағы №41 "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 110838 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарқан ауданының әкімі | Г. Маманбаев |