Сарқан аудандық мәслихатының "Сарқан ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 16- 64 шешiмiне өзгерістер енгiзу туралы

Жетісу облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 7 маусымдағы № 28-106 шешімі. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2024 жылы 10 маусымда № 223-19 болып тіркелді

      Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарқан аудандық мәслихатының "Сарқан ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 16-64 шешіміне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 189842 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Сарқан ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:


      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;"

      7-тармақтың 6) тармақшасының бірінші бөлігінде "5 (бес)" саны "7 (жеті)" санына өзгертілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасының м. а. Е. Дармишев

О внесении изменений в решение Сарканского районного маслихата от 8 декабря 2023 года № 16-64 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Сарканского района"

Решение Сарканского районного маслихата области Жетісу от 7 июня 2024 года № 28-106. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Жетісу 10 июня 2024 года № 223-19

      Сарканский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Сарканского районного маслихата "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Сарканского района" от 8 декабря 2023 года № 16-64 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 189842) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Сарканского района, утвержденных указанным решением:

      подпункт 1) пункта 2 изложить в новой редакции:


      "1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – уполномоченная организация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;"

      в первом абзаце подпункта 6) пункта 7 цифру "5 (пять)" изменить на цифру "7 (семь)".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      И. о. председателя маслихата Е. Дармишев