Сарқан ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жетісу облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 шілдедегі № 27-110 шешімі. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2024 жылы 23 шілдеде № 236-19 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 "Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №184104 болып тіркелген), Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарқан ауданы бойынша туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері болу құнынан 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарқан аудандық мәслихатының төрағасы М. Разбеков

Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев по Сарканскому району

Решение Сарканского районного маслихата области Жетісу от 18 июля 2024 года № 27-110. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Жетісу 23 июля 2024 года № 236-19

      В соответствии с подпунктом 2-10 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 14 июля 2023 года № 181 "Об утверждении Правил уплаты туристского взноса для иностранцев" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 184104), Сарканский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить ставки туристского взноса для иностранцев в местах размещения туристов по Сарканскому району в размере 0 (ноль) процентов от стоимости пребывания.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Сарканского районного маслихата М. Разбеков