Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2023 жылғы 18 сәуірдегі № 33 "Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6384-09 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қарағанды облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындаcын.";
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат төрағасы | Н. Кобжанов |
Қарағанды облыстық мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 211 шешіміне қосымша |
|
Қарағанды облыстық мәслихатының 2023 жылғы 18 сәуірдегі № 33 шешіміне қосымша |
Қарағанды облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қарағанды облысының ауылдық жерге және кенттерге, сондай-ақ аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шаралары ауылдық жерге және кенттерге, сондай-ақ аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмыс істеу үшін жіберілген медициналық және фармацевтикалық қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларын қабылдау, сондай-ақ қаржыландыру және төлеу тәртібін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
2. Негізгі ұғымдар:
1) әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – "Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
2) жұмыс беруші - медициналық және фармацевтикалық қызметкерімен еңбек шартын жасасқан, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымы;
3) ауылдық жерлерге және кенттерге, сондай-ақ аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмыс істеуге жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлері (бұдан әрі - қызметкерлер) - кәсіптік медициналық немесе фармацевтикалық білімі бар, медициналық немесе фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын, уәкілетті орган жұмыс істеу үшін ауылдық жерлерге және кенттерге, сондай-ақ аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жіберген жеке тұлғалар.
3. Жұмыскерлерге әлеуметтік қолдау (бұдан әрі - әлеуметтік қолдау) ауылдық жерге және кенттерге, сондай-ақ аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға кемінде бес жыл мерзімге жіберілетін мамандарға әлеуметтік кепілдік ретінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын біржолғы көмек болып табылады.
Бес жылдық кезеңге қызметкердің жалақысы сақталмайтын демалыста, бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста болған уақыты, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақпен куәландырылған екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі енгізілмейді.
4. Ауылдық жерлерге және кенттерге, сондай-ақ аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмыс істеу үшін жіберілетін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне, мынадай мөлшерде әлеуметтік қолдау көрсетіледі:
медицина және фармацевтика қызметкерлеріне - дәрігер кардиолог, дәрігер кардиолог (интервенциялық), дәрігер терапевт, дәрігер нейрохирург, дәрігер рентгенолог, дәрігер реабилитолог, дәрігер неонатолог - 5 000 000 (бес миллион) теңге;
хирург дәрігер, невропатолог дәрігер, офтальмолог дәрігер - 3 000 000 (үш миллион) теңге;
акушер, фармацевт, медбике, фельдшер - 1 500 000 (бір жарым миллион) теңге.
5. Мамандығы бойынша 5 (бес) жылға дейін нақты жұмыс өтілі бар жас маман немесе шақырылған қызметкер әлеуметтік қолдау алуға құқылы.
6. Уәкілетті орган ауылдық жерлерге және кенттерге, сондай-ақ аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жіберілген әлеуметтік қолдау алуға үміткер болатын тұлғалар үшін конкурс өткізеді.
7. Уәкілетті органға ұсынылатын өтініш пен құжаттар (жеке куәліктің көшірмесі, жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі, еңбек кітапшасының көшірмесі, мемлекеттік медициналық ұйымға жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі) күнтізбелік 15 күн ішінде қаралады.
8. Қарағанды қаласының аумағында орналасқан ауылдық округтерде тұратын және жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетілмейді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмыс істеуден босатылатын адамдарға қолданылмайды.
9. Қызметкерге әлеуметтік қолдау көрсету облыстық бюджет қаражаты есебінен оның дербес шотына аудару жолымен жүзеге асырылады және уәкілетті органның хаттамасы, сондай-ақ қызметкермен еңбек шартын жасасу негізінде төленеді.
2. Әлеуметтік қолдау шараларын қабылдау тәртібі
10. Уәкілетті органның жолдамасы бойынша жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес қызметкермен еңбек шартын жасасады.
11. Уәкілетті орган қызметкерді өндірістік қажеттілікке байланысты ауыстыру туралы шешім қабылдаған жағдайда, ауылдық жерлерде және кенттерде, сондай-ақ аудандық және облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан медициналық және фармацевтикалық ұйымдар арасында қызметкерге әлеуметтік қолдау алу құқығы сақталады.
Мұндай жағдайда басқа ауылдық жерде орналасқан медициналық және фармацевтикалық ұйымға ауысқаны үшін әлеуметтік қолдау қайтадан көрсетілмейді.
12. Жұмыскердің не жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен талап арыз беру арқылы бұрын аударылған бюджет қаражатын облыстық бюджеттің кірісіне қайтару жөнінде шаралар қабылдайды.
Еңбек қатынастары мерзімінен бұрын бұзылған кезде бұрын төленген ақшалай қаражатты қайтару еңбек шартында көзделеді.
13. Жұмыс беруші қызметкер әлеуметтік қолдау алу құқығынан айырылған сәттен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей (еңбек шарты бұзылған жағдайда) бұл туралы уәкілетті органға хабарлайды.
14. Осы тәртіптің орындалуын бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.