Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Балқаш қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 23 мамырдағы №23/01 "Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №28263 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспе келесі редакцияда мазмұндалсын:
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 19-бабына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 "Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларының 31 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8950 болып тіркелген) сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1 тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Балқаш қаласының әкімі | С. Сатаев |