Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 2/15 "Абай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 қыркүйектегі № 23/217 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 16 қыркүйекте № 6652-09 болып тіркелді

      Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 2/15 "Абай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6380-09 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай аудандық мәслихатының төрағасы Д. Сакенов

  Абай аудандық мәслихатының
2024 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 23/217
шешіміне қосымша

Абай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

      1. Осы Абай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшері "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №84 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

      2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) кемтар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан берілген анықтамасының негізінде "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүргізеді.

      3. Оқуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттік қамсыздандырудағы мүгедектігі бар балалардан және өздеріне қатысты ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан, мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

      4. Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

      5. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері мүгедектігі бар әрбір балаға тоқсанына жеті айлық есептік көрсеткішке тең.

      6. Оқуға жұмсалған шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар туындаған кезде (он сегіз жасқа толу, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мемлекеттік мекемелерде оқу кезеңінде, мүмкіндіктері шектеулі баланың қайтыс болуы, Абай ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кету), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте жеке басын сәйкестендіру үшін қандастармен жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандас куәлігі ұсынылады.

О внесении изменения в решение Абайского районного маслихата от 13 апреля 2023 года № 2/15 "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Абайском районе"

Решение Абайского районного маслихата Карагандинской области от 12 сентября 2024 года № 23/217. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Карагандинской области 16 сентября 2024 года № 6652-09

      Абайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Абайского районного маслихата от 13 апреля 2023 года № 2/15 "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Абайском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6380-09) следующее изменение:

      приложение к указанному решению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Абайского районного маслихата Д. Сакенов

  Приложение к решению
Абайского районного маслихата
от 12 сентября 2024 года
№ 23/217

Порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Абайском районе

      1. Настоящий порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Абайском районе разработаны в соответствии с Правилами оказания государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью", утвержденными Приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 марта 2021 года № 84 "О некоторых вопросах оказания государственных услуг в социально-трудовой сфере" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 22394) (далее - Правила возмещения затрат).

      2. Возмещение затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану (далее - возмещение затрат на обучение) производится государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Абайского района" на основании справки из учебного заведения, подтверждающей факт обучения ребенка с ограниченными возможностями на дому.

      3. Возмещение затрат на обучение (кроме детей с инвалидностью, находящихся на полном государственном обеспечении и детей с инвалидностью, в отношении которых родители лишены родительских прав) предоставляется одному из родителей или иным законным представителям детей с инвалидностью, независимо от дохода семьи.

      4. Возмещение затрат производится с месяца обращения по месяц окончания срока, указанных в справке из учебного заведения, подтверждающих факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.

      5. Размер возмещения затрат на обучение равен семи месячным расчетным показателям в квартал на каждого ребенка с инвалидностью.

      6. При наступлении обстоятельств, повлекших прекращение возмещения затрат на обучение (достижение восемнадцати лет, окончания срока инвалидности, в период обучения в государственных учреждениях, смерть ребенка с ограниченными возможностями, выезд на постоянное проживание за пределы Абайского района), выплата прекращается с месяца, следующего за тем, в котором наступили соответствующие обстоятельства.

      7. Перечень документов, необходимых для возмещения затрат на обучение предоставляется согласно приложению 3 к Правилам возмещения затрат, при этом кандасами для идентификации личности вместо документа удостоверяющего личность предоставляется удостоверение кандаса.