Абай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 2/15 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 14 сәуірде № 6380-09 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Абай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшері айқындалсын.

      2. Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 қарашадағы № 35/369 "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуге қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2868 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай аудандық мәслихатының төрағасы Д. Сакенов

  Абай аудандық
мәслихатының
2023 жылғы 13 сәуірдегі
№ 2/15
шешіміне қосымша

Абай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

      1. Осы Абай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшері "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

      2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) кемтар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан берілген анықтамасының негізінде "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүргізеді.

      3. Оқуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттік қамсыздандырудағы мүгедектігі бар балалардан және өздеріне қатысты ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан, мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

      4. Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

      5. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері мүгедектігі бар әрбір балаға тоқсанына төрт айлық есептік көрсеткішке тең.

      6. Оқуға жұмсалған шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар туындаған кезде (он сегіз жасқа толу, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мемлекеттік мекемелерде оқу кезеңінде, мүмкіндіктері шектеулі баланың қайтыс болуы, Абай ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кету), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте жеке басын сәйкестендіру үшін қандастармен жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандас куәлігі ұсынылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады