Осакаров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осакаров аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 шілдедегі № 871 "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған орындарды айқындау туралы, оларды пайдалану тәртібі, шекті толтыру нормалары, материалдық – техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, сондай-ақ Осакаров ауданының аумағында пикеттеу өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5993 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім онын алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың төрағасы | К. Саккулаков |
Осакаров аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 ақпандағы № 16/155 шешіміне қосымша |
|
Осакаров аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 шілдедегі № 871 шешіміне 2 қосымша |
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары Осакаров ауданының келесі объектілерінде 800 метр кем емес қашықтықта айқындайды:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.