Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Осакаров ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 11/01 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5731 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осакаров ауданының әкімі | Р. Нурмуханбетов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Осакаров аудандық
мәслихаты
Осакаров ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 8 тамыздағы № 67/03 қаулысына қосымша |
|
Осакаров ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 11/01 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
3) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
4) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
5) бухгалтер.
2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының (директорының) орынбасары;
3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;
4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас бухгалтері;
5) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бөлімінің басшысы;
6) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас әкімші;
7) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана меңгерушісі (басшысы);
8) әкімші (негізгі қызметтер);
9) аккомпаниатор;
10) балетмейстер;
11) библиограф;
12) кітапханашы;
13) дыбыс режиссері;
14) барлық атаудағы инженер (негізгі қызметтер);
15) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
16) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
17) музыкалық жетекші;
18) редактор (негізгі қызметтер);
19) режиссер;
20) қоюшы режиссер;
21) хореограф;
22) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
23) бухгалтер;
24) барлық мамандықтағы инженер;
25) инспектор;
26) аудармашы;
27) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің жетекшісі: шаруашылық;
28) костюмер;
29) жарық аппаратурасы бейне жазба, дыбыс жазба операторы.